Осы аптада Jibek Joly арнасында алғаш рет командалық теледебат өтті. Бұл жолы 7 партия мінберге бір емес, екі өкілден шығарып, 14 спикер төрт кезең бойы сөз қағыстырды. Бірі қарсыласының осал тұсын іздеді, екіншісі тосын сауалмен қыспаққа алды. Бірақ ешкім үнсіз қалған жоқ. Партиялар ең төменгі жалақыны 140 мың теңгеге көтеру, жалғыз баспананы тәркілемеу, алимент мәселесі, ауылдағы учаскелік инспекторды сайлау, жол сапасы, шағын бизнесті айыппұлдан қорғау, лудомания мен букмекерлік жарнамаға тосқауыл қою секілді мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын ортаға салды. Шешілу жолдарын тарқатып айтты.
Заң мен тәртіп қағидаты қалай сақталуы керек? Уәж көп, уәде де сан алуан. Бірақ ол құр сөзден нақты іске айнала ма? Қай партияның бастамасы жұрттың көкейінен шықты? Саяси додада кімнің сөзі салмақты болды? Ал көрермен үшінші теледебатта даусын кімге берді? Көріңіз, лайк басып, пікір жазыңыз!