$ 482.33
 557.57
 5.74

Рыбакина Майамидегі турнирінің төртінші айналымына шықты

Редактор
23.03.2026, 13:36
Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ
Кездесу 6:3, 6:4 есебімен Рыбакинаның сенімді жеңісімен аяқталды.

Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина (әлемнің 2-ші ракеткасы) Miami Open турнирінің үшінші кезеңінен сәтті өтті. Жерлесіміз екі сет қорытындысы бойынша Украина өкілі Марта Костюкті (WTA рейтингісінде 27-орын) қапы қалдырды. 

Кездесу 6:3, 6:4 есебімен Рыбакинаның сенімді жеңісімен аяқталды. Елена өз соққыларына нық болып, маңызды сәттерде басымдық таныта білді, бұл оған матчты екі партияда аяқтауға мүмкіндік берді.   

Майами турнирінің ширек финалына жолдама алу үшін Елена Рыбакина аустралиялық теннисші Талия Гибсонмен (WTA рейтингісінде 68-орын) күш сынасады.