Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Мүфтияттың мәліметінше, пітір садақа еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.
Былтыр садақа мөлшері 640 теңге болған еді.
Биыл қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-іне қараған түн – Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.