Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қытайдың Тайпейін айқын басымдықпен яғни 14-0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Команда сапында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.
Әйелдер құрамасы осыған дейін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапониянан жеңіліп қалған еді.
Енді бүгін Астана уақытымен 16:00-де еліміздің әйелдер құрамасы мен Қытай құрамасы 7-сессияда кездеседі.
Ал ертең Филиппин және Қатар құрамасы қарсылас болады. Қатар өткен матчта Қытай Қатардан, ал Жапония Филиппиннен басым түсті.
Бүгін Қазақстан спортшылары Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында төрт спорт түрінен сынға түседі.