Қостанайда құбыр жарылып, мектеп пен тұрғын үйлер жылусыз қалды
zaira
3
Апат жерасты жылу желісінде болған. Қостанайда 8 тұрғын үй, мектеп және спорт залы жылусыз қалды. Қалпына келу жұмыстарын сағат 20:00-ге дейін жоюға уәде берді.
Апат жерасты жылу желісінде болған. Қостанайда 8 тұрғын үй, мектеп және спорт залы жылусыз қалды. Қалпына келу жұмыстарын сағат 20:00-ге дейін жоюға уәде берді, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Жылу-энергетика компаниясының мәліметінше, апат Бородин №221А көшесінде диаметрі диаметрі 150 мм құбырда болған, - деп жазады Kazinform агенттігі.
«№5 орта мектеп, бастапқы әскери дайындық спорт залы және Шипин көшесіндегі № 168, 170, 172,172А, 174, 174А, 176 үйлер, Бородин көшесіндегі №221А үй жылудан ажыратылды. Құбырды қалпына келтіру жұмыстары 2024 жылғы 22 қараша сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.