Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейіне «Ұлттық» мәртебе берілді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды.
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Ұлттық» мәртебе берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын, – делінген құжатта.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.