$ 462.87
 540.72
 6.16

Қазақстандағы экомәдени жұмысқа 90 мың ерікті тартылды

20.01.2025, 17:50
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Мәдениет және ақпарат министрлігі
15 мың іс-шара жүргізілді

Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева экомәдениет саласындағы нәтижелер туралы айтып берді. Оның айтуынша, жұмыс ақпараттық, ұйымдастырушылық және экологиялық бақылау бағытында ұйымдастырылған.

90 мыңнан астам эковолонтер тарихи-мәдени нысандарды тазартуға бағытталған «Киелі мекен» бастамасын қоса алғанда, 15 мың іс-шараға қатысты, оның шеңберінде 717 ескерткіш орын қайта жаңартылды. Экобақылау саласында 3 мың адамды қамтыған 300 нысанға қоғамдық мониторинг жүргізілді. 600 қоғамдық ұйым, экоблогерлер мен еріктілер тазарту және көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысты, – деді Аида Балаева.