Қоғам

Qazaq Air әуе компаниясы атауын өзгертті

13:13, 06 мамыр 2025 16

Qazaq Air әуе компаниясының атауы VietJet Kazakhstan боп өзгереді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Мәміленің барлық шарттары орындалды, төлем қабылданды, ал акциялар инвестордың жеке шоттарына берілді. Аталған стратегиялық әріптестік әуе тасымалдаушы мен саланың дамуына оң әсер етуге бағытталып қана қоймай, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудың жаңа көкжиектерін ашып, өзара өсім мен өңірлік қатынастардың дамуына жол ашады. Біз SOVICO Group пен VietJet Air компанияларының Qazaq Air-ді VietJet Kazakhstan жаңа бренді аясында басқаруға және операциялық қызметіне қатысу ниетін жоғары бағалаймыз. Өңірдегі маршруттық желінің кеңеюі көлік байланысын нығайтып, жаңа экономикалық өсу нүктелерін қалыптастырады. Енді біз ауқымдырақ және бір-бірімізге жақынырақ боламыз, − деді Нұрлан Жақыпов.

Айта кетсек, 2023 жылы Qazaq Air компаниясын вьетнамдық VietJet Air сатып алатыны жарияланған еді.

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, бұл мәміле Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жүзеге асырылды. Сатып алушы ретінде SOVICO Group компаниясы белгіленді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз