Аймақ

Қарағандыда 3 жасар бала терезеден құлап, мерт болды

12:22, 10 маусым 2025 94

Қарағандыда үш жасар бала терезеден құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, қаладағы 19-ықшамауданда қайғылы жағдай болды – үш жасар бала үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, бала масадан қорғайтын торға сүйеніп тұрған. Оқиға болған сәтте ол үлкендердің қарауынсыз қалған.

Бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, алған жарақаттары ауыр болып, салдарынан түнде бала көз жұмды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз