Қайрат Құдайбергенге сот үкімі шықты

Редактор
27.01.2025, 17:15
Қайрат Құдайбергенге сот үкімі шықты
Сот Қайрат Құдайбергенге 2022 жылғы қаңтар оқиғалары бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот Қайрат Құдайбергенге 2022 жылғы қаңтар оқиғалары бойынша үкім шығарды, деп хабарлады bairaqmedia.kz порталы. 

Сот Құдайбергенді жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін кінәлі деп тауып, оны 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ оған публицистикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

VII шақырылымдағы қалалық мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайберген 2022 жылғы 22 сәуірде қаңтар оқиғалары кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілініп, қамауға алынған еді. Содан бері ол қамауда отыр.