$ 480.72
 548.07
 6.14

Президент Құрылтай депутаттарының сайлау күнін белгіледі

Редактор
01.07.2026, 14:15
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Жарлықта оның жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні көрсетілген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленді.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына сайлауға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және оны өткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар Үкіметке, Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды кідіріссіз қабылдау міндеті жүктелді.

Жарлықта оның жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына бүгін, 2026 жылғы 1 шілдеде, Ақордада қол қойылды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау