Павлодарда жетім қызды зорлаған ер адам полиция қолына түспеу үшін өзін атып өлтірді.


Павлодардағы Железин ауданында ер адамның жетім қызды зорлағаны анықталды. Ол бұған дейін қыз баланың қамқоршысы болған, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Железин ауданындағы балалар үйінің 16 жасар тәрбиеленушісін гинекологиялық тексеру барысында бұрын оның ер адаммен жыныстық қатынаста болғаны анықталған. Педофилдік әрекет біраз жыл бұрын, оны қамқоршылыққа алған ер адаммен жасалған.

— Кәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Алайда күдікті жәбірленушінің аталған дерек бойынша полицияға жүгінгенін біліп, өз-өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.