$ 475.09
 551.06
 5.87

«Өзі сондай балажан»: Димаштың видеосы қызу талқыланып жатыр

Редактор
02.04.2026, 09:40
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Бұл сәт желі қолданушыларын бірден тәнті етті.

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жүрек жылытқан видеосы желіде тарады. Кадрда әнші көліктің ішінде кішкентай баланы алдына алып, басынан сипап отырғанын көруге болады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Балақай Димаштың кеудесіне басын қойып, ерекше тыныш күйде еркелеп отыр.

Бұл сәт желі қолданушыларын бірден тәнті етті. Көпшілік әншінің балаға деген мейіріміне сүйсінді.

Пікірлер де жылы лебізге толы:
«Өзі сондай балажан екен»
«Керемет әке болады»
«Тезірек үйленіп, балалы болса екен»
«Жақсы адамды бала да сезеді»

Желі қолданушылары Димаштың болашақта үлгілі әке болатынына сенімді.