Шоу-бизнес әлемі

«Өтірік сөздерге сенбеңіздер»: Қабатовтың тоқалы бар шындықты жайып салды

08:00, 01 желтоқсан 2025 296

Тұрсынбек Қабатовтың екінші жұбайы әлеуметтік желіде өзіне қатысты тараған ақпараттарға түсінік берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ол желідегі өзінің атынан тараған түрлі жазбаларға сенбеуді сұрап, TikTok қолданбайтынын атап өтті.

"TikTok деген әлемде мен отырмаймын, қолданбаймын. Менің атымнан жазылған неше түрлі өтірік сөздерге сенбеңіздер. Мақсаттары — әдейі намысқа тиетін сөздер жазып, елдің назарын аудару және комментарий жинау. Адвокаттар бұл мәселеге қатысты жұмысты аяқтап қалды. Көзі ашық, көкірегі ояу 21 ғасырда өмір сүріп жатқан жандарым, жасанды интеллектіні ажырата алатын шығарсыздар? Не болса соған сене берудің қажеті жоқ", — деді ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз