Оралда полицей қызды зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Мой город агенттігінің мәліметінше, әлеуметтік желіде Абай аудандық полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген ақпарат тарады.
Алдын ала мәлімет бойынша, көршілер пәтерден шыққан шуға шағымданған. Осыған байланысты күдікті пәтерді тексеруге барған кезде бойжеткенге зорлық көрсеткен деген күдікке ілінді.
Бұл ақпаратты қалалық прокуратураның баспасөз қызметі растады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сондай-ақ ол ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды.
Полиция департаменті өз қатарындағы тәртіп пен заң бұзушылыққа жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер қатаң түрде тоқтатылатынын мәлімдеді.