$ 486.47
 554.77
 6.26

Нұрсұлтан Шоқанов Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды

Редактор
27.06.2026, 14:26
Фото: Қазақстан халық партиясы
Фото: Қазақстан халық партиясы
Шешім XXIV кезектен тыс съезде делегаттардың бірауыздан қолдауымен қабылданды

Бүгін Қазақстан Халық партиясының XXIV кезектен тыс съезі өтіп, оған еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатысты. Жиынның негізгі мәселесі – партияның жаңа басшысын сайлау болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Делегаттардың бірауыздан шешімі бойынша Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып Нұрсұлтан Нұрланұлы Шоқанов сайланды.

Нұрсұлтан Шоқанов 1986 жылы 20 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (КИМЭП) үздік бітіріп, «Қаржы» мамандығы бойынша бизнес әкімшілендіру бакалавры дәрежесін алған. 2018 жылы Швейцарияның Лозанна қаласындағы IMD халықаралық бизнес мектебінде Executive MBA бағдарламасын тәмамдаған.

Еңбек жолын Ernst & Young халықаралық аудиторлық компаниясында бастаған. Кейін мұнай-сервис саласында корпоративтік қаржы, бірігу және жұтылу (M&A) жобалары мен дағдарыс менеджменті бағыттарында басшылық қызметтер атқарған. 2009 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысады.

Қазіргі уақытта ол OMIR Group директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады. Бұл холдинг қоғамдық тамақтану, жеткізу қызметі, бөлшек сауда, ақпараттық технологиялар, өндіріс және дистрибуция салаларында қызмет атқарады. Компаниялар тобы Қазақстанның алты қаласында және төрт шетелдік нарықта жұмыс істейді.

Саяси-қоғамдық салада ол 2022 жылдан бастап Қазақстан Халық партиясының Алматы қалалық филиалын басқарды. 2021–2023 жылдары Алматы қаласы мәслихатының VII шақырылым депутаты болса, 2023 жылдан бастап VIII шақырылым депутаты және құрылыс, сәулет, урбанистика және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы қызметін атқаруда.

Сонымен қатар, әртүрлі жылдары «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында басшылық қызметтер атқарып, Қазақстан альпинизм және спорттық альпинизм федерациясын басқарған.Нұрсұлтан Шоқанов еңбекті қорғау мәселелері бойынша KIOSH халықаралық конференциясының бастамашысы және ұйымдастырушысы болып табылады. Ол «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» және «Заңғар» наградаларымен марапатталған.

 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау