Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.


 

Еркін күрестен жеңімпаз атанған Нұрқожа Қайпанов финалда жапон палуаны Йошиносуке Аоягиден 3-5 есеппен басым түсті. Ол 70 келі салмақ бойынша 5 жыл бұрын Астана қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдер атанған болатын.

Нұрқожа іріктеуде Митчелл Финесилверді (Израиль), кейін Николай Грахмезді (Молдова), Акаки Кемертелидзені (Грузия) айқын басымдықпен және жартылай финалда тәжікстандық Абдулмажид Кудиевті таза жеңді.
Тиранадағы Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтар бойынша әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды.