Белгілі велошабандоз Ернат Мелсұлы Рахметолла 23 қараша сенбі күні Астана қаласында велошеру өткізеді.


Белгілі велошабандоз Ернат Мелсұлы Рахметолла 23 қараша сенбі күні Астана қаласында велошеру өткізеді, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Аталған БАҚ-тың дерегінше, Қазақстан Таэквондо федерациясының негізін қалаушы, таэквондодан қара белбеу 6-дан иегері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Өзтүріктің туған күніне орай ұйымдастырылған шеру «Байтерек» ескерткішінің алдынан басталып, сол жерде аяқталады, деп жазады түркиялық «TRT» ақпараттық порталы.

Аты аңызға айналған дара тұлға Мұстафа Кәбенұлы Өзтүрікті еске алу, рухына тағзым ету, өнегелі өмірі мен еңбегін дәріптеуге үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған велошеру сонымен бірге қазақ пен түрікке ортақ ұл арқылы Қазақстан мен Түркияның бауырластығын, достығын насихаттайды.

Жастарды отансүйгіштікке, ел үшін ерен еңбек етуге, қайсар болуға үндеп жүрген велоспорттан Қазақстанның 3 дүркін рекордшысы, журналист Ернат Рахметолла осы жобасын Астананың қиын ауа шарттарында жалғыз өзі атқарып шығуға бел буып отыр.

«2022 жылы 55 күнде 5555 шақырым жүріп, Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл мерейтойына арнап Торғай, Ақкөл, Сарытүбектен бастап, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары және Грузия, Түркия аумағы арқылы Стамбулдың Гүнешлі ауданындағы Мұстафа Өзтүрік жерленген зират басында шеруін аяқтаған Ернатпен Анкара жұртшылығы да таныс», - деп жазады түркиялық БАҚ.