үниежүзілік климат саммиті аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президенті Майя Сандумен кездесу өткізді. 


Дүниежүзілік климат саммиті аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президенті Майя Сандумен кездесу өткізді. Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды, ең алдымен, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктерін талқылады, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Кездесуде Майя Санду келесі жылы Астанада Молдова елшілігінің ашылуы елдеріміз арасындағы ықпалдастықты дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ президенттер екіжақты жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Бакудегі олимпиадалық стадионға барды. Сосын Мемлекет басшысы Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде сөз сөйледі. Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Александр Стуббпен кездесу өткізді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев СOP29 cаммитінде бірқатар елдің басшыларымен әңгімелесті.

Бүгін мемлекет басшысы «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайебпен әңгімелесті.

Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы (СOP29) аясында Грекия Премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесу өткізді.

Дүниежүзілік климат саммиті аясында Қазақстан мен Солтүстік Македония қарым-қатынасты дамыту жөнінде уағдаласты.