Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы неке қию кезінде ерінің қалыңдығына беретін бағалы сыйлығы немесе мәһірдің үкімін айтты.


Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы неке қию кезінде ерінің қалыңдығына беретін бағалы сыйлығы немесе мәһірдің үкімін айтты, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

«Қазақ дәстүрінде қалыңмал – қалыңдық үшін берілетін мал-дүние. Екі жас ажырасқан жағдайда қалыңдық малы қыздың иелігінде қалатын болған. Осы тұрғыдан қалыңмалды мәһір деп санауға болады. Ал «әке күші», «ана сүті», тағы да сол сияқты қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік мәһірге саналмайды», деп жазылған мүфтияттың ресми сайтында.

Мәһір - отасқаннан кейін ер азаматының қалыңдығына беретін бағалы сыйы. Шариғат заңына сәйкес алда-жалда екеуі ажырасса яки күйеуі қайтыс болса, әйелі мәһірді сатып немесе айырбастап күнелтеді.