Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген актер Кемеңгер Оралдың әлеуметтік желіде жариялаған видеосына әзіл аралас пікір қалдырып, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Актер Кемеңгер Орал әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялаған. Жазбаға пікір қалдырғандардың арасында оның досы, әнші Димаш Құдайберген де бар.
Өнер иесі актердің видеосын көріп, оған әзілмен жауап берген.
«Крышаң кете бастапты», – деп жазған Димаш.
Әншінің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.
Димаштың жазбасы достар арасындағы әзіл ретінде қабылданған. Осылайша өнер иесінің қысқа ғана пікірі желіде талқыланған.