$ 463.91
 544.63
 6.26

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Редактор
12.05.2026, 19:41
АМАНАТ партиясы
АМАНАТ партиясы
Жиында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Қызылордада облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, «АМАНАТ» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мамандарының қатысуымен «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті.

Форум барысында облыс әкімі Мұрат Ергешбаев өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту жобасы жүзеге асырылып, бүгінде тұрғындар оның игілігін көруде.

Тұрғын үй қорын жаңарту тұрақты бақылауымызда. Соңғы үш жылда 3 млрд 500 млн теңгеге 65 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Қызылорда қаласында 1 млрд 775 млн теңгеге 60 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті заманауи панельдермен қапталды. Қосымша 4 млрд теңгеге тағы 70 тұрғын үй жаңартылуда.

Сондай-ақ демеушілер есебінен аулаларға 80 спорт және ойын алаңы орнатылды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елді мекендерді абаттандыру, қоршаған ортаны таза ұстау, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Негізгі мақсат – тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Облыс әкімі форум барысында көтерілген бастамалар еліміздегі және Сыр өңіріндегі тұрғын үй саласының дамуына оң серпін беретініне сенім білдірді.

Басқосуда «АМАНАТ» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Тұрсынбайұлы, «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ департамент директоры Марғұлан Жеңісұлы, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаинұлы, Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Сәбитұлы және Пәтер иелері ассоциациясының Қызылорда қаласы бойынша төрайымы Ілімжаухар Кеңесқызы сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау