$ 461.39
 534.75
 5.45

Құрылтай күні Түркістан облысында қоғамдық көліктер тегін қатынайды

Редактор
17.08.2026, 19:00
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан облысы бойынша 1 204 659 дауыс беруші тіркелген

23 тамыз күні Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Осы маңызды саяси науқан күні Түркістан облысының бірқатар қала-аудандарында тұрғындардың сайлау учаскелеріне еркін әрі кедергісіз жетуіне жағдай жасау мақсатында қоғамдық көлік қызметі тегін ұйымдастырылады, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Атап айтқанда, сайлау күні Түркістан мен Арыс қаласында және Қазығұрт ауданында қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды. Бұл шара тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне қатынауын жеңілдетіп, азаматтардың өз таңдауын жасауына қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған. 

Құрылтай күні азаматтардың дауыс беруі үшін облыс аумағында 952 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Сайлау күні қоғамдық көліктің тегін қатынауы, ең алдымен, тұрғындардың уақытын үнемдеп, шалғай орналасқан сайлау учаскелеріне жету мүмкіндігін арттырады. Әсіресе қоғамдық көлікке тәуелді азаматтар үшін бұл маңызды қолдау болмақ.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау