Гүлнәр Тойлыбаева Қазақстан Құрылтайының депутаты болып сайланды. Ол депутаттық өкілеттігі тоқтатылған Татьяна Савельеваның орнына келді, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.
Бұл туралы Құрылтайдың телеграм каналында жарияланды. Жаңа депутат Құрылтайда «Әділет» партиясының фракциясы атынан өкілдік етеді.
Құрылтай отырысында Гүлнәр Тойлыбаеваны Қаржы және бюджет комитетінің құрамына енгізу туралы шешім қабылданды.
Осылайша, Гүлнәр Тойлыбаева депутаттық қызметін аталған комитеттің құрамында жалғастырады.