$ 461.37
 542.16
 6.14

Қостанай облысында үш полицей қамауға алынды

Редактор
23.04.2026, 14:04
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
Қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Қостанай облысының Рудный қаласында үш бірдей полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Күдіктілер 17 наурызда ұсталған. Оларды Қостанай облысы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік бөлімшесі мен өңірлік Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бірлесіп қолға түсірген. Облыстық полиция департаменті олардың қандай күдікпен ұсталғанын ашып айтпады.

"Рудный қаласы полиция басқармасының үш қызметкері құқыққа қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды", - дейді департамент.

Үш полиция қызметкері де қамауға алынды. Қылмыстық іс тергеліп жатыр.