$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

«Қазақстан – біз үшін өте маңызды ел»: Бельгия Королі мәлімдеме жасады

Редактор
12.10.2026, 14:06
Ақорда
Ақорда
ороль Филипп пен Патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа көрсеткен қонақжайлығы мен сый-құрметі үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Кездесу барысында мәртебелі меймандар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін жоғары бағалап, еліміздің халықаралық аренадағы беделі мен ықпалына ерекше тоқталды. Бельгия Королі Филипп Қазақстанды қарқынды дамып келе жатқан маңызды мемлекет деп атап, Орталық Азия өңіріне қызығушылықтың артып отырғанын жеткізді.

«Қазақстан – біз үшін қарқынды дамып келе жатқан өте маңызды ел. Жалпы, Бельгия тұтас Орталық Азия өңіріне айрықша қызығушылықпен қарайды. Бұл өңірдің мәні зор. Менімен бірге үлкен делегация келді. Әлбетте, біз бір-бірімізді өте жақсы білеміз. Елдеріміз 35 жыл ішінде жақсы қарым-қатынас орнатты. Біз осы тарихи межені бірге атап өтуге ниеттіміз», – деді Король Филипп.

Ол екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ниетті екенін де айтты. Корольдің сөзінше, Қазақстанға келген делегация құрамында болашаққа бағытталған түрлі салалардың өкілдері бар. Сонымен қатар Бельгия монархы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәртебелі меймандарға ерекше көңіл бөліп, жұмыс кестесіне өзгеріс енгізгенін жоғары бағалады.

«Президент мырза, бізбен бірге жүру үшін жұмыс кестеңізді өзгерткеніңізді білемін. Осы ықыласыңызға тәнтіміз. Сондықтан алтын уақытыңызды бөліп, құрмет көрсеткеніңізді жоғары бағалаймыз», – деді Бельгия Королі.

Айта кетейік, Король Филипп пен Патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Мәртебелі меймандарды елорда әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау