$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Қазақ анимациясының алғашқы буын өкілі Алтынбек Өмірзақов өмірден өтті

Редактор
17.10.2026, 12:48
Қазақфильм
Қазақфильм
Отандық анимация өнерін дамытуға үлес қосқан

Қазақстандық суретші-аниматор әрі ұстаз Алтынбек Өмірзақов өмірден өтті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Марқұмның отбасы мен жақындарына, шәкірттері мен әріптестеріне «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы мен «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі көңіл айтты.

Алтынбек Өмірзақов қазақ анимациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың алғашқы шәкірттерінің бірі болған. Ол отандық анимация өнерін дамытуға, жанрдың дәстүрін сақтауға және жас мамандарды даярлауға елеулі үлес қосты.

Суретші-аниматор көп жыл бойы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінде сабақ берді. Өзінің тәжірибесі мен білімін студенттерге үйретіп, көптеген жас аниматордың кәсіби маман болып қалыптасуына көмектесті.

«Қазақфильм» киностудиясының жарияланымында оның ұлттық кинематографияны дамытудағы еңбегі ерекше атап өтілді.

«Алтынбек Өмірзақовтың шығармашылық мұрасы, мамандығына деген адалдығы және ұлттық анимацияны дамыту жолындағы көп жылғы еңбегі Қазақстан кинематографиясы тарихының маңызды бөлігі ретінде мәңгі сақталады. Алтынбек Өмірзақовтың жарқын бейнесі әріптестерінің, шәкірттерінің және оның шығармашылығын бағалаған барша жанның жүрегінде мәңгі қалады», – делінген көңіл айту хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау