$ 462.31
 536.09
 5.34

Қайрат Нұртастың Лондонда оқитын қызы қиындыққа тап болды

Редактор
01.09.2026, 16:04
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Жұлдыз Әбдікәрімова Лондонда оқитын қызы үшін көпшіліктен көмек сұрады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында үлкен қызы Сезімге қатысты жазба жариялап, оқырмандарынан көмек сұрады. Қайрат Нұртастың жары Лондонда білім алып жүрген қызы мен оның құрбыларына пәтер жалдау үшін кепілгер (guarantor) іздеп жатқанын айтты, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Актрисаның сөзінше, кепілгер Ұлыбританияда тұратын, жылжымайтын мүлкі бар және ресми табысын растай алатын адам болуы қажет.

«Ұлыбритания тұрғыны, жылжымайтын мүлігі бар, ресми табысын растай алатын жан іздейміз. Лондонда оқитын қызымызға және оның құрбыларына пәтер жалдауға guarantor іздейміз», – деп жазды ол.

Жұлдыз Әбдікәрімова кепілгерге қойылатын талаптарды да атап өтті. Оның айтуынша, адамның ресми табысы жоғары, кредиттік тарихы жақсы болуы және агенттік жүргізетін тексерістен өтуге дайын болуы керек.

«Агенттік арқылы қосымша кепілдік рәсімдеу студенттер үшін қиындықтар туып тұр. Сондықтан көмектесе алатын немесе осындай адамды білетін жандар болса, жеке хабарламаға жазсаңыздар екен. Барлық шарттар мен қажетті құжаттарды жеке түсіндіріп береміз», – деді актриса.

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртастың үлкен қызы Сезім Лондонда білім алып жүр. Қазір ол екінші курсқа көшкен.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау