Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен бірге түскен фотосын жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
"Қадірлі бауырым Режеп Тайип Ердоғанмен резиденциямдағы емен-жарқын әңгімелесу сәтінен", - делінген фото сипаттамасында.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағандай, 15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.
Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.