Мемлекет басшысы Үкіметке жыл соңына дейін 300 мыңнан астам адамды газбен қамтып, 1 700 км газ құбырын жаңғыртуды тапсырған болатын. Елді мекендерді газдандыру бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.


Елді мекендерді газдандыру жұмысы бойынша Үкімет жергілікті атқарушы органдарға "Самұрық-Қазына" АҚ қорынан 105 млрд. теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.Ол  газбен жабдықтауға қатысты 145 жобаны іске асыруға бағытталған.

 2024 жылдың қорытындысы бойынша елді газдандыру деңгейін 61,8% жеткізу жоспарлануда, бұл 369,0 мыңнан астам адамды немесе 140 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша деңгей 60% - ға жетті немесе 20 млн.адамның 12 млн. адамы газбен жабдықтауға қол жеткізе алады). 2025 жылға газдандыру деңгейін 62,1% жеткізу жоспарланған, бұл 55 мыңнан астам адамды немесе 21 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етеді, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.