Аймақ

Жеті адам ажал құшты: Алматы облысында қайғылы жағдай болды

10:50, 02 желтоқсан 2025 35

Алматы-Бішкек тас жолының 129-шы шақырымында болған жантүршігерлік апат жеті адамның өмірін қиды, деп хабарлады bairaqmedia.kz Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Алдын ала мәлімет бойынша Honda Odissei жүргізушісі алдында келе жатқан Howo жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Апат салдарынан көліктегі жеті адамның барлығы, соның ішінде жүргізуші де алған жарақатынан қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады, ал құқық қорғау органдарының қызметкерлері қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз