$ 448.61
€ 503.83
₽ 5.48

«Әйел ағзасы 6-9 бала тууға бейімделген»: Салтанат Байқошқарова әйелдер ауруының көбею себебін айтты

Редактор
21.10.2026, 11:08
ЖИ
ЖИ
Маманның пікірінше, қазіргі өмір салты және бала туу көрсеткішінің төмендеуі ықпал етуі мүмкін

Белгілі дәрігер-эмбриолог Салтанат Байқошқарова қазіргі әйелдер арасында гинекологиялық аурулардың жиі кездесуіне қатысты пікір білдірді. Маманның айтуынша, әйел ағзасы табиғатынан 6–9 бала дүниеге әкелуге бейімделген, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Дәрігер бұл туралы журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтып, қазіргі әйелдердің өмір салты мен денсаулығына қатысты мәселелерге тоқталған.

«Негізінен әйелдің ағзасы 6–9 бала табуға бейімделген екен. Біздің заманда ондай болмады. Қазіргі заманда эндометриоз, миома аурулары көп. Оны іскер әйелдердің ауруы деп те атайды. Бұрынғы кезде жатыр эрозиясы деген ғана болатын, қазір жағдай мүлдем басқа. Эндометриоз бен миома — күйзеліс пен баланы аз туудың салдарынан пайда болып отырған ауру», – деді Салтанат Байқошқарова.

Айта кетейік, Салтанат Берденқызы Байқошқарова – белгілі қазақстандық репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы, профессор және Қазақстандағы экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісінің негізін қалаушы.