Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11КО) кезекті жекпе-жегі Астанада өтетін болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Top Rank промоутерлік компаниясының хабарлауынша, Жәнібек Әлімханұлының міндеті қарсыласы франциялық Анауэль Нгамиссенгуге (14-0, 9КО) болмақ.
Екеуі де чемпиондық белдіктерін қорғайды.
Жекпе-жек 5 сәуір күні Астана қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.
"Құрметті жанкүйерлер, бұйыртса 5 сәуір Астана қаласында жұдырықтасамыз! Өз елімде, сіздердің алдарыңызда өнер көрсетуді мақсат етіп жүр едім, оған да жеттік! 2 әлем чемпионы титулын қорғаймыз! Qazaq Style-ды ринг қасында, аренада отырып тамашалайсыздар! Жеңісті күнде жүздесейік, - деп жазды Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында.