Шоу-бизнес әлемі

«Ит пен мысық сияқты өмір сүрдік»: Мақпал Жүнісова Нұрқаділовпен қарым-қатынасының қиын болғанын ашық айтты

10:04, 30 қараша 2025 107

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова «Сенбілік серуен» бағдарламасына берген сұхбатында марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділов жайлы естелігімен бөлісті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Әншінің айтуынша, Заманбек Нұрқаділов мінезі қаталдау адам болған.

Мақпал Жүнісова бұл туралы былай деген:

«Ол кісі әйел адамның өзіне қарсы шыққанын тіптен жек көретін адам екен. Керемет болдым деп айта алмаймын. Басындағы 1-2 жыл ит пен мысық сияқты өмір сүрдік. Мен де тік мінезді адаммын. Бетіне айтып тастайтынмын. Солай айттың деп, 2-3 күн сөйлеспей қоятын. Ол кісі мені тәрбиеледі, кішкене жынымды басты», – дейді әнші. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз