«KAZ» индексі еліміздің бірнеше өңірі арқылы өтетін 23 автомобиль жолына беріледі.


«KAZ» индексі еліміздің бірнеше өңірі арқылы өтетін 23 автомобиль жолына беріледі. Ал бір өңір шегіндегі республикалық маңызды бар 88 жолда «KZ» индексі қолданылады, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Халықаралық стандарттау ұйымының ISO 3166-2 стандартына сәйкес, KAZ» және «KZ» геокодтары ресми түрде Қазақстан Республикасын білдіреді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

 Бұл кодтар интернет-домендерде, мемлекеттік құжаттарда, есеп-қисап құжаттамаларында және автомобиль нөмірлерінде кеңінен қолданылады. Олар еліміздің ішінде де, шетелде де танымал. Осыған байланысты Қазақстанда KAZ» және «KZ» индекстері халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін бекітілген.

«KAZ» индексі бірнеше өңір арқылы өтетін 23 автомобиль жолына беріледі. Мәселен, Қарағанды арқылы өтетін Астана мен Алматы арасындағы жол KAZ01, ал Астана-Көкшетау-Петропавл-РФ шекарасы жолы KAZ02 индексімен белгіленеді.

«KZ» индексі бір өңір шегінде орналасқан 88 республикалық маңызы бар 88 жолда қолданылады. Айталық, Ақтөбе облысы аумағындағы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолы KZ04-02 индексіен алды. Мұндағы «04» өңірді, ал «02» облыс шегіндегі жолдың реттік нөмірін білдіреді.

Халықарлық келісім аясында берілген «E» және «АН» сынды автомобиль жолдарының индексі өзгеріссіз қалады. Бұл халықаралық көлік жүйесіндегі реттілікті және транзиттік қозғалыс үшін қолайлықты қамтамасыз етеді.