$ 479.82
 559.9
 6.15

Грузиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды

Редактор
10.04.2026, 11:08
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот
Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде "Транстелеком" АҚ арқылы мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келген. 

Сеніп тапсырылған қаражатты ұрлады деген күдікпен Грузиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

"Тергеу барысында аталған тұлға компания басшысы бола отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, қаражатты ұрлау мақсатында, мемлекеттік сатып алу нормасын қолданбай, спутниктік және телекоммуникациялық жабдықты жалға алудың заңсыз шартын жасағаны анықталды. Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде "Транстелеком" АҚ арқылы мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келген", - делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.

Наурыз айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған.