Геннадий Головкин АҚШ-қа барды

Редактор
26.10.2024, 16:36
Геннадий Головкин АҚШ-қа барды
Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин жұмыс сапарымен Лос-Анджелестегі (АҚШ) 2028 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетіне барды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Кездесу аясында Олимпиада ойындарына дайындық жан-жақты сөз болды. Сонымен бірге Қазақстан мен АҚШ арасындағы спорт саласы бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетіне уақыт бөліп, мультиспорттық оқиғаны өткізуге қатысты өзекті әрі мазмұнды ақпарат ұсынғанына алғыс білдіреміз. Ұйымдастыру комитетіне келгеніміз біздің нәтижелі ынтымақтастық орнатуға дайын екенімізді білдіреді, - деді Геннадий Головкин.