Ербол Хамитов 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Редактор
10 мар. 2026 г., 17:58
Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Жүлдені ел қоржынына Ербол Хамитов салды. Ол шаңғы жарысында (отырып жарысу) үздік үштікке енді.  Қазақстандық спортшы спринтте үшінші орын алды. Хамитов 2:29.9 уақытта мәреге жетті. 

Қытайлық Цзысюй Лю жарыс жеңімпазы атанды - 2:28.9. Ал бразилиялық Кристиан Вестемайер 2:29.6 уақыт нәтижесімен екінші орын алды.