$ 469.52
 553.75
 6.15

Елімізде тағы бір жаңа мереке пайда болды

Редактор
20.04.2026, 11:17
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Қазақстан тазы тұқымының иесі.

Биылдан бастап Қазақстанда Қазақы тазы мен төбет күні ресми түрде атап өтіледі, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Тиісті үкімет қаулысы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланды.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: Қазақы тазы мен төбет күні – 3 қыркүйек", - делінген қаулы мәтінінде.