Биыл қыркүйекте есепке 163,9 мың автокөлік құралы қойылды. Бұл былтырмен салыстырғанда 3,2% кем.


Биыл қыркүйекте есепке 163,9 мың автокөлік құралы қойылды. Бұл былтырмен салыстырғанда 3,2% кем. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 614,7 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бұл туралыҰлттық статистика бюросы жариялады.

Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 81,9% бензинмен жүреді, аралас отын есебінен қозғалатын автомобильдердің үлесі – 7,4%, дизель отынымен – 7,1%. Газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 213 бірлікке артты, көліктің жалпы санында газ баллоны бар автомобильдің үлесі 0,3% құрады.

Тағы 11 706 бірлік автомобиль электр энергиясы есебінен қозғалады және олардың жалпы көлік санындағы үлесі 0,2% құрады, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда электромобильдер саны 1,8 есе өсті.