$ 462.22
 536.5
 5.43

Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің ширек финалына шықты

Редактор
20.08.2026, 13:50
теннис федерациясы
теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші турнирдің ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

1/8 финалда Рыбакина ресейлік Диана Шнайдермен (WTA рейтингінде 14-орын) кездесіп, қарсыласын екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Осылайша қазақстандық теннисші турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина Cincinnati Open 2026 турнирінде америкалық Тейлор Таунсендті (94-орын) және польшалық Магдалена Френхті (41-орын) жеңген болатын.

Биыл турнирдің жалпы жүлде қоры 7 433 076 долларды құрайды. Жарыс жеңімпазы 1 086 220 доллар сыйақы алып, WTA рейтингінде 1000 ұпайға ие болады.