Қоғам

«Дос пен туысты қиын кезде таниды екенсің»: Арман Дүйсеновтің жұбайы сырын ақтарды

11:19, 25 ақпан 2026 17

Марқұм композитор Арман Дүйсеновтің жұбайы Айсұлу Айданқызы әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялап, қиын сәтте қолдау білдірген жандарға алғысын айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, басына іс түскенде кімнің дос, кімнің туыс екенін анық аңғаруға болады.

«Дос кім, туыс кім? Басыңа іс түскенде біледі екенсің. Мен ешкімнен ақша сұраған жоқпын, тек менің жағдайыма қатысты соттың шешімі әділ ме, соған пікір білдіріп, қолдау көрсетулеріңізді өтіндім. “Маған сенім артуыңа болады” дегендердің көбі бұл жағдайда сырт айналып кетті. Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын, өздері біліп отырған шығар», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Айсұлу Айданқызы қиын кезеңде қол ұшын созған азаматтарға ерекше ризашылығын білдірді.

«Алланың мейірімі шексіз ғой. Тар жол, тайғақ кешуде жүрегінде иманы бар жандарды жолықтырып, тірліктің оңға басуына бар көмегін көрсеткен Қайрат Реимов мырзаға және басқа да азаматтарға алғысым шексіз. Жаратқан жандарыңызға нұрын шашсын, Алла разы болсын», – деді ол.

Желі қолданушылары Айсұлу Айданқызына қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жаудырды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз