$ 475.09
 551.06
 5.87

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты

Редактор
02.04.2026, 11:50
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Бұл іс қоғамда кеңінен талқыланып, қоғамдық резонанс тудырған болатын.

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат бостандыққа шықты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сотталушы сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтеуіне байланысты босатылды, - деп хабарлады ҚАЖК.

Еске салсақ, 2023 жылдың ақпанында Алматыда болған оқиғада Нұрасыл Болат заңгер ерлі-зайыптыны соққыға жыққан.

Олар агрессияға ұшыраған қызға араша түспек болған. Сол кезде ол әскери қызметте болуы тиіс еді, алайда қалада заңсыз жүргені анықталған. Алғашында сот оған айыппұл салған.

Кейін 2024 жылы Жоғарғы сот үкімді өзгертіп, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Алайда сол жылы оның тойда жүрген видеосы таралып, пробация талаптарын бұзғаны белгілі болды. Осыдан кейін жаза түрме жазасына ауыстырылған еді.