БҚО-да экс полицей ұсталды: Қаза тапқан жігіттің қызы дүниеге келді
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылында 30 жастағы жігіт қаза тапты.
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылында 30 жастағы жігіт қаза тапты. Оқиға 17 қарашаға қараған түні болған. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 1994 жылғы жігітті Тасқала аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне қасындағы достары жанталасқан күйінде алып келген, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
«Келген кезде артериалдық қан қысымы - 0, пульсі - 0, көз қарашығы кеңейген, фотореакция болмаған. Реанимациялық шаралар жүргізілгеніне қарамастан, сағат 02.30-да биологиялық өлім тіркелді. Қасындағылардың айтуынша, төбелестен соң жағдайы күрт нашарлап, есін жоғалтқан. Ауруханаға өздері машинамен жеткізді», - деп хабарлады ведомстводан.
Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, күдікті арнайы жедел әрекет ету жасағында қызмет еткен.
Тұрғындар сондай-ақ 19 қараша күні марқұмның келіншегі мерзімінен бұрын қыз босанғанын хабарлады. Сондай-ақ фельдшер болып жұмыс істеген жігіт 20 қараша күні жер қойнына беріледі.