$ 469.71
 536.17
 6.01

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Редактор
17.07.2026, 09:53
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Болат Ақшолақовтың өмірбаяны

Болат Оралұлы Ақшолақов 1971 жылғы 9 сәуірде Атырау қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясының есеп және экономикалық кибернетика факультетін, сондай-ақ мұнай-газ өнеркәсібі бойынша білім беру орталығын тәмамдаған. Мамандануы – «Жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын бағалау» және «Мұнай өндіру экономикасы».

Еңбек жолын 1994 жылы Alem Bank Kazakhstan банкінде экономист, кейін бас экономист болып бастаған.

1995–1997 жылдары – Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінде бөлім бастығы, департамент директоры.

1997–2001 жылдары – «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ-да аға сарапшы, менеджер, бас менеджер, департамент директорының орынбасары.

2001–2003 жылдарыCommonwealth and British Services Ltd компаниясында бизнес-талдаушы, менеджер, қаржы директоры.

2003–2006 жылдары – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-да бірлескен кәсіпорындардағы үлестерді басқару жөніндегі атқарушы директор.

2006–2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі.

2009–2010 жылдары – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да электр энергетикасы және мұнай-газ активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директор.

2010–2011 жылдары – «PSA» ЖШС-нің бас директоры.

2011 жылы – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ президенті болып тағайындалды.

2012–2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министрі.

2014–2017 жылдарыAlmex Petrochemical ЖШС-нің бас директоры.

2016–2017 жылдары – «Kazenergy» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры.

2017–2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі.

2019–2021 жылдарыKazenergy қауымдастығының бас директоры.

2019–2021 жылдарыAlmex Petrochemical ЖШС-нің бас директоры.

2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы қаңтарға дейін – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.

2022 жылғы 11 қаңтардан 2023 жылғы 4 сәуірге дейін – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

2023 жылғы 4 сәуірден 2025 жылғы 13 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2025 жылғы 14 ақпаннан бастапKazenergy қауымдастығының төрағасы қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау