Димаш Тоқаев пен Макрон кездесуінде ән шырқап, тыңдарманын тәнті етті


Франция президенті Эммануэль Макрон 5 қарашада Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізіп, онда шақырылған қонақтардың арасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегация мен Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген де болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Танымал әнші қос президенттің алдында өз репертуарындағы әйгілі S.O.S D'un Terrien en detresse және дәстүрлі Дайдидау әндерін орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бұл сәттің бейнежазбасын президент баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.

Қонақтар арасында болған Францияның бұрынғы бірінші ханымы Карл Бруни өз әсерімен бөлісіп, Димашқа ерекше ықыласын білдірді.

Қазақтың тамаша әншісі Димаш Құдайбергеновті тыңдау мәртебесіне ие болғаныма сондай бақыттымын. Кеше түнде бір дауыс бізді басқа жерге, осы жерден алыс, жұмақтан екі қадам жерге дейін алыстатты. Үлкен дарыныңыз үшін, шынайы рақымдылығыңыз үшін, ерекше дауысыңыз үшін, қарапайымдылығыңыз бен мейірімділігіңіз үшін рахмет, деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.