Қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толу мерейтойына орай елорда төріндегі Астана опера және балет театрында мерекелік мәдени шара өтті. 


Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толу мерейтойына орай Астана опера және балет театрында мерекелік мәдени шара өтті. Кеш Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсынан «Тойбастар» жарқын көрінісімен басталды, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Концерт алдында Бибігүл Төлегенова БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді., - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Жоғары деңгейлі әнші болайын, халық артисі болайын, ең бастысы елді, халықты ұмытпаймын. Өйткені қашанда болса, өз елің мен мәдениетіңді біліп, түсіну керек. Мен халыққа 1950 жылы радио арқылы танылдым, халық менің даусымды алғаш радио арқылы естіді. Содан кейін бірте-бірте Құрманғазы атындағы оркестр, жеке концертім арқылы шығармашылығымды шыңдадым. Қазір шүкір, 95 жасқа келдім, жас ұрпаққа батамды беріп отырмын», - деді Бибігүл Төлегенова журналистермен кездесу барысында. 

95 жаста
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Мерейтойлық кеште Бибігүл Төлегенова байқауының лауреаттары Расул Жармағамбетов пен Татьяна Вицинская, «Астана Опера» хоры, оркестрі мен балет труппасы дирижер, «Құрмет» орденінің кавалері Руслан Баймурзин шырайын асырды. 

«Мен өнерде бақыттымын, әрине, алдымен халықтың қолдауымен», - дейді Бибігүл Төлегенова. 

кеш
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Одан әрі қазақтың бұлбұлы өнер жолының оңайға соқпағанын тілге тиек етті. 

«Бәрі ойлайды ғой, Бибігүлге жоғары жақта отырып айту жеңіл деп, менің айтарым, бұның бәрі жеңілдікпен келген дүние емес. Мен қуғын-сүрген ұшыраған адамның баласы болдым, 1937 жылы әкем атылып кетті, сол сәттен бастап, мен еріксіз ес жидым, анама қамқоршы, көмекші болдым, өйткені анам 7 баламен қалды, көмек көрсететін еті баладан мен ғана болдым», - деп толғанды әнші. 

95 жас
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаевтың мәнерлеп оқуындағы Фариза Оңғарсынованың «Бибігүл – ән» өлеңін тарту етті. Одан бөлек, мерейтой иесінің шәкірті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әнін орындады. 

Мерейтой кешінің мерейін үстем еткен Бибігүл Төлегенованың ақ батасы, бұлбұл әнші қос қолын жайып, ақ батасын берді.