Қоғам

Бектенов: Полипропилен зауытында өндірістің тоқтап қалуы алаңдаушылық туғызып отыр

10:00, 05 мамыр 2025 20

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов өндіріс орындарының тоқтап қалу қаупін азайту және басқарушылық тәртіпті күшейту қажет екеніне назар аудардырды,  деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

«Полипропилен зауытында өндірістің жоспардан тыс тоқтап қалуы және полиэтилен мен бутадиен шығару жобаларын іске асыру кезеңдерінің созылып кетуі алаңдаушылық туғызып отыр. Мұнда мерзімдерді бұлжытпай сақтау, өндірістің тоқтап қалу қаупін азайту және басқарушылық тәртіпті күшейту қажет.

«Самұрық-Қазына» қорына осы жылдың 15 маусымына дейін KPI зауытының тоқтап қалу себептерін жоюдың нақты кестесін, сондай-ақ Silleno зауытының аяқталу кезеңдері мен мерзімдерін көрсете отырып, жаңартылған жоспар-кестесін дайындап, ұсынуды тапсырамын», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

⏩Сонымен бірге осы жылдың 1 тамызына дейін бутадиен жобасы бойынша түпкілікті шешім қабылдау қажет.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз