$ 482.33
 557.57
 5.74

Батыс Қазақстанда дрон қалады

Редактор
26.03.2026, 11:37
Фото: тұрғындардан
Фото: тұрғындардан
Мұндай оқиға облыс аумағында өткен жылы бірнеше рет болған еді.

Батыс Қазақстан облысы аумағында ұшқышсыз ұшатын аппараттың құлағаны жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде ведомство уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Ақжайық ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылу дерегі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аталған нысан елді мекеннен тыс аумақтан табылған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, ұшқышсыз ұшатын аппарат Қарауылтөбе ауылы маңына құлаған. 

Мұндай оқиға облыс аумағында өткен жылы бірнеше рет болған еді.