$ 472.03
 540.29
 6.11

Батыс Қазақстан облысында екі полицей қаза тапты

Редактор
04.07.2026, 12:13
instagram.com/sadenov_online
instagram.com/sadenov_online
Қайғылы оқиға бойынша Ішкі Істер министрі мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстан облысында екі полиция қызметкері қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz

"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті Тасқала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері – полиция майоры Абзал Үмбетқалиев пен полиция аға сержанты Нұрғали Әдиетовтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", – деп жазды Ержан Сәденов.